Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5215 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

    2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Тұрғын үй көмегін «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды.

    Өтініш беру, қызмет көрсету нәтижесін ұсыну және тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдерінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

    Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;

    3-тармақ алынып тасталсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады. 

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы

    К. Досмұхамедов

    Денисов аудандық мәслихатының хатшысы

    А. Мұрзабаев

    «Денисов ауданы әкімдігінің

    экономика және қаржы бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    _______________ С.Ф. Рахметова

    2016 жыл «1» сәуір

    «Денисов ауданының жұмыспен қамту

    және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің басшысының

    міндетін атқарушы

    _______________ Л. А. Дранчуковская

    2016 жыл «1» сәуір

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.