Аршалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 сәуір 2016 ж.

    Аршалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Аршалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Аршалы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 4774 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 22 «Аршалы айнасы», 2015 жылғы 22 мамырдағы № 39 « Вперёд» газеттерінде жарияланған) шешім;.

    2) «Аршалы ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2015 жылғы 03 тамыздағы № 44/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 4971 тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 41 «Аршалы айнасы», 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 75 «Вперёд» газеттерінде жарияланған) шешімі.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы

    И. Слободянюк

    Аудандық мәслихатының хатшысы

    Қ. Шедербеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.