Бесқарағай аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабы 39-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бесқарағай аудандық әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №542 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 29 қаңтарда №3186 нөмірімен тіркелген);
2) «Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №542 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы №111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырда №3284 нөмірімен тіркелген).
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.