Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, « Тұрғын үй қатынастары туралы » Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 мамырда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

    «2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл аудандық бөлімі арқылы немесе «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы тұғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүгінеді».».

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы

    Г. Кәрімова

    Аудандық мәслихат хатшысы

    С. Ағымбаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Есіл ауданының әкімі

    А. Қалжанов

    14 сәуір 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.