Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі «Көкпекті ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 75 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі «Көкпекті ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 75 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3940 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің 2015 жылғы 7 маусымдағы № 45 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Р. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.