Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі «2014-2016 жылдарға арналған Көкпекті ауданының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы» № 74 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі «2014-2016 жылдарға арналған Көкпекті ауданының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы» № 74 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз»- «Новая жизнь» газетінің 2015 жылғы 14 маусымдағы № 47 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Р. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.