Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі «Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» №186 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 31 шілдедегі «Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» №186 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4107 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің 2015 жылғы 23 тамыздағы № 67 (8761) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Р. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.