Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10087) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Д. Ахметов

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2016 жылғы 24 наурыздағы

    № 80 қаулысымен

    Бекітілді

    Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі

    р/с
    Ауылшаруашылық өнімінің атауы
    Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы
    Сатыпалынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг
    1
    Сүт
    Сары май
    41,0
    2
    Сүт
    Ірімшік
    22,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.