"Мемлекеттік органдардың интранет-порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 775 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 сәуір 2016 ж.

    "Мемлекеттік органдардың интранет-порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 775 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік органдардың интранет-порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 775 бұйрығының («Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 25 ақпан № 38 (28262) газетінде жарияланып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8897 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;

    2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберсін;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырсын.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министрдің міндетін атқарушы

    А. Рау

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.