Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың ережесін бекіту туралы
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 25 қыркүйектегі
N 1232 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың ережесі
Осы Ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. 44 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындау" республикалық бюджеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бойынша төлемдерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған сомалар шегінде таратылатын кәсіпорындардың (конкурстық басқарушылардың) ағымдағы шоттарына, ал 44-бағдарламада көзделген таратылған кәсіпорындардың қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу есебіне сомалар төлеу туралы сот шешімі болған кезде - алушылардың жеке шоттарына есептеу жолымен өтеу есебінен үкім шығарылған сомалар жатады.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
2. Төлеудің тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындардың тарату комиссиялары (конкурстық басқарушылары) Министрлікке конкурстық өндіріс барысында таратылатын заңды тұлға мүлкінің болмауы немесе жетіспеушілігі себепті қанағаттандырылмаған, сот (кредиторлар комитеті) бекіткен бірінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізілімін береді (1-қосымша).
4. Министрлік алынған бірінші кезектегі кредиторлар талаптары тізілімінің негізінде ашылған қаржыландыру лимиттеріне сәйкес тарату комиссияларының (конкурстық басқарушылардың) ағымдағы шоттарына ақшалай қаражат аударуды жүргізеді.
5. Тарату комиссиялары (конкурстық басқарушылар) министрліктен келіп түскен ақшалай қаражатты бір апта мерзімде алушылардың қалауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған, олардың жеке шоттарына аударады.
6. Сот шешімі болған кезде Министрлік ақшалай қаражатты алушылардың жеке шоттарына аударады.
3. Есептілік
7. Тарату комиссиялары (конкурстық басқарушылар) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні, Министрлікке Бағдарлама бойынша қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді (2-қосымша).
8. Министрлік есепті алғаннан кейін бір апта мерзімде Бағдарламаға сәйкес қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық есеп жасайды (3-қосымша).
4. Жауаптылық
9. Жаңсақ және қасақана жалған мәліметтер бергені үшін тарату комиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
1-қосымша
___________________соттың соттың атауы
200__жылғы "__"______ N__ ұйғарымымен "бекітілген"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200__ жылғы "__" __________
N__ қаулысына сәйкес таратылатын __________________________________ (кәсіпорынның атауы)
мүлігінің болмауынан немесе жеткіліксіздігінен қанағаттандырылмаған бірінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізілімі
___________________________________________________________________________ Р/с Тегі Аты Әкесінің Туған жылы Жеке Тұрғы. Конкурстық N аты __________ басын лықты өндіріс Күні айы жылы куәланды. жері процесінде ратын қанағаттан. құжаттың дырылмаған деректері сома теңге. мен жүргізі. леді ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Барлығы ___________________________________________________________________________
Жиыны________________________________________ теңге (сомасы жазумен)
Конкурстық басқарушы (Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер М.О. (Т.А.Ә., қолы)
2-қосымша
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша қаражатты пайдалану туралы есеп 2001 жылғы __________ тоқсан үшін
___________________________________________________________________________ Қаланың, Кәсіпорын. Жыл басында Төленді Есептік кезең. облыстың ның атауы төленуге нің аяғында атауы жатады төленбегені ____________________ _______________________ Есептік Жыл басы. тоқсан нан бері үшін ___________________________________________________________________________ Адам Сомасы Адам Сомасы Адам Сомасы Адам Сомасы саны теңге саны теңге саны теңге саны теңге ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Барлығы ___________________________________________________________________________
Жиыны________________________________________ теңге төленді (сомасы жазумен)
Конкурстық басқарушы (Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., қолы)
3-қосымша
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша таратылатын кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша қаражатты пайдалану туралы жиынтық есеп 2001 жылғы __________ тоқсан үшін
___________________________________________________________________________ Кәсіпор. Жыл басында Төленді Есептік кезеңнің ынның төленуге аяғында төленбеген атауы жатады ______________________________ Есептік тоқсан Жыл басынан үшін бері __________________________________________________________________ Адам Сомасы. Адам Сомасы Адам Сомасы Адам Сомасы саны мың саны теңге саны теңге саны теңге теңге ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________ Барлығы ___________________________________________________________________________
Төленген соманың жиыны _______________________ мың теңге (санмен) ___________________________________________________________________________ (сомасы жазумен)
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
Қаржы бөлімшесінің басшысы ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.