«Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер» №1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №79 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 болып тіркелген «Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер № 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
2) осы бұйрық көшірмесінің мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдануын;
3) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
А. Дауылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________________ Е. Сағадиев
«____» ___________2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_____________ Е. Ыдырысов
«____» _________ 2016 жыл
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.