Төлеби аудандық мәслихат шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №46/228-V «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3482 нөмірмен тіркелген, аудандық «Ленгер жаршысы» газетінің 13.01.2016 жылғы 2-3 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Ж.Нышанов
Аудандық мәслихатының хатшысы
Н.Қойбағаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.