Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 9 қыркүйек 2020 ж.
Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып «Қызылорда облысының ветеринария басқармасының «Арал аудандық ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ
А. МҰХИМОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.