Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 сәуір 2016 ж.

    Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

     «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 - бабы 2 - тармағына, 27 - бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Риддер қаласының әкімі

    Ж. Мұратов

    2016 жылғы «21» сәуір № 313

    әкімдіктің қаулысына

    қосымша

    Риддер қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

    1. «Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» әкімдіктің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3034 болып тіркелді, 2013 жылғы06 қыркүйекте № 52 «Лениногорская правда газетінде» жарияланған).

    2. «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» әкімдіктің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3035 болып тіркелді, 2013 жылғы 06 қыркүйекте № 52 «Лениногорская правда газетінде» жарияланған).

    3. «2016 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1152 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 52 «Лениногорская правда газетінде» жарияланған).

    4. «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1153 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 52 «Лениногорская правда газетінде» жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.