2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:

    1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (үш айдан артық);

    2) орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

    3) бұрын жұмыс істемегендер;

    4) мүгедектік есебінен шығарылғандар.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Т. Әбдірахмановқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

    Степногорск қаласының әкімі

    Ә. Күмпекеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.