«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 108 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қаңтар 2015 ж.

    «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 108 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 108 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2286 тіркелген, аудандық «Көтерілген тың», «Нива» газеттерінде 2013 жылы 25 мамырда жарияланған).

    2. Осы қауылының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповқа жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Е. Базарханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.