Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-5), 9-6), 9-7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Біртанов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
20__ жылғы «__» _________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Е. Досаев
20__ жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№1084 бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.
2. Қоғамдық жұмыстар деп жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері түсініледі.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
3. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты мен жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
4. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы шешімдер қабылдайды.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:
қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тетігі, қатысушылар еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушiмен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады.
7. Жұмыссыздарды ұйымдарға қоғамдық жұмыстарға жіберуді халықты жұмыспен қамту орталығы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырады.
8. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi халықты жұмыспен қамту орталығы тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.
9. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiм бередi.
10. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен ғана жібереді.
11. Халықтың нысаналы топтарына кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.
12. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шарты жасалады.
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркелген (жүгінген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жiберiледі.
14. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде есептiлікті жүргiзедi.
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі
15. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
16. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Орындалатын жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.
17. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және жұмыссыздардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
18. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынады.
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.
Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру
қағидаларына
қосымша
Нысан
Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт
_________________________________ ____________ (қала, облыс, аудан) (күнi) Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын _____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы (қала, облыс, аудан) атынан директоры____________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын _______________________________________________________________ атынан (жұмыс берушiнiң атауы) _____________________________________________________________ арасында (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына және облыс, аудан, қала әкiмдігiнiң 201__ жылғы _________ № _____ қаулысына сәйкес жасалған.
1. Шарттың мәнi
1.1. Жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы «__» _________ № ___ бұйрығымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) сәйкес ұйымдастыру және жүргiзу.
1.2. Шарттың сомасы:
________________________________________________________________ (жазбаша) құрайды.
2. Тараптардың мiндеттерi
2.1. «Тапсырыс берушi»:
______________________ адамды олардың келiсiмi бойынша қоғамдық (жазбаша) жұмыстарға жiберуге;
Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.
2.2. «Орындаушы»:
1) жұмыссыздарға жеке еңбек шартында белгіленген түрде, мерзiмде және шарттары бойынша жұмыс беруге
__________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тiзiп жазу)
2) азаматтармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;
3) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
4) әрбір азаматқа жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
5) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
8) Тапсырыс берушіге қоғамдық жұмыстарға қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
9) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін азаматтар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
3.1. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және ол орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.
3.2. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген еңбекақыға Салық кодексіне сәйкес салық салынады.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
4.2. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
5. Шарттың қолданылу мерзiмi
5.1. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________
5.2. Осы шарт қазынашылық органдарында тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
6. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс берушi____________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (толық атауы, мекенжайы, коды, банк атауы, БСН) Орындаушы__________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (толық атауы, мекенжайы, коды, банк атауы, БСН (ЖСН) Тапсырыс берушi Орындаушы __________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ___________________ ________________ __________________ _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса) (бар болса) М.О. М.О.
Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған
үлгiлiк шартқа
қосымша
Нысан
___________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) қоғамдық жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыссыз азаматтар туралы 201__ жылғы ____________ МӘЛІМЕТТЕР
|
Р/с
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(толық)
|
Жеке куәлігінің №, берілген күні
|
Туған күні
|
ЖСН
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1
|
||||
|
2
|
||||
|
Барлығы:
|
кестенің жалғасы
|
|||
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндер
|
Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге
|
Қызмет көрсетуші банк
|
20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
Басшы ______________________
Бас бухгалтер ______________
М.О.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1084 бұйрығына
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 2-тармағының 9-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Жұмыстан босатылу сәтіне дейінгі бір жыл ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған адамдарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру жүзеге асырылмайды.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді жинауды жүзеге асырады, өтінімдер қажеттілігі бойынша жыл бойы қабылданады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер 15 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкестігі қарастырылады және тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесiнің шешімімен бекітіледі. Жұмыс берушілер тізбесі қажеттілігі бойынша жыл бойы жаңартылады.
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді.
8. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
1) жіберілетін азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген және Заңға сәйкес халықтың нысаналы топтарына жатуға тиіс;
2) жолдама беру сәтiнде жiберiлетiн азаматтар үшiн халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
9. Ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтарды жұмысқа орналастыру он екі айлық кезеңде бір рет және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылданады. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
11. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6475 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан бойынша есепті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық талдау орталығына ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
14. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, жұмыс берушінің Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған сомаларды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің ағымдағы шотына аударуды жүргізеді.
15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________ ауданының, қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________
Өтінім
____________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
|
Р/с
№
|
Қандай жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр
|
Жұмыс орындарының жоспарланған
саны
|
Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
Айлық жалақы мөлшерi, теңге
|
Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
|
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
Нысан
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
_____________ауылы (қаласы) 201__жылғы «__»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және _______________________________________________________ атынан (жұмыс берушінің атауы) __________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы «__»_________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы_______________________________________________ (жазбаша) мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге ______________
___________________________________ адамды жіберуге; (жазбаша)
2) Жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес Жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңмен айқындалған жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс
уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына ________________________________________ теңге (сомасы жазбаша)
сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін азаматтарға мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
|
Р/с №
|
Қандай жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр
|
Саны
|
Жұмыстардың ұзақтығы, айлар
|
Айлық еңбекақының мөлшері, теңге
|
Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге
|
|
2) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін азаматтарға төленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
5) әрбір азаматпен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда азаматтарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
8) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
9) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
10) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
|
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шарттарының негізінде жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
|
Тапсырыс беруші
|
Жұмыс беруші
|
|
______________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________
|
_______________________________
|
|
мекенжайы: _____________________
|
мекенжайы: _____________________
|
|
ЖСК
|
ЖСК
|
|
БСК
|
БСК
|
|
БСН (ЖСН)
|
БСН (ЖСН)
|
|
Коды
|
Коды
|
|
___________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
|
__________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
|
|
М.О.
|
М.О.
|
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс
орындарын қаржыландыру
туралы үлгiлiк шартқа
қосымша
Нысан
___________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы 201__ жылғы ____________ МӘЛІМЕТТЕР
|
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Жеке куәлігінің №,
берілген күні
|
Туған күні
|
Еңбек шартының нөмірі мен күні
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
1
|
|||||
|
2
|
|||||
|
3
|
|||||
|
4
|
|||||
|
Барлығы:
|
кестенің жалғасы
|
||||
|
Шарт бойыншажалақының мөлшері
|
Айдағы жұмыс
күндерінің саны
|
Нақты жұмыс
істеген
күндер
|
Есептелген
жалақының сомасы, теңге
|
Зейнетақы жарналарының сомасы
|
Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1084 бұйрығына
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер 15 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкестігі қарастырылады және тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесiнің шешімімен бекітіледі. Жұмыс берушілер тізбесі қажеттілігі бойынша жыл бойы жаңартылады.
5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бекітілген тізбеге сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз азаматтар үшін жұмыс берушімен жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жастар практикасынан өту үшін түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсіптік білімін ескере отырып, жұмыс берушілерге жібереді.
7. Жұмыс беруші мен жастар практикасын өту үшін қабылданған жұмыссыз арасында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалады.
8. Түлектердің жастар практикасына қатысуы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушылармен жасалған шарттардың және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелерін халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
10. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылданады. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
11. Жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пікір (ұсыным хат) береді.
12. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6475 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан бойынша есепті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі
13. Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
15. Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектерге еңбекақы төлеуді ай сайын, жұмыс беруші Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметтері негізінде, еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді және жастар практикасына қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
Жастар практикасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________ ауданының, қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________
Өтінім
_____________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
|
Р/с
№
|
Кәсібі (мамандығы)
|
Талап етілетін білім деңгейі
|
Жұмыс орындарының жоспарланған саны
|
Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны және дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
|
Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
Нысан
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт _____________ауылы (қаласы) 201__жылғы «__»_______ Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры ___________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және _______________________________________________________ атынан (жұмыс берушінің атауы) ______________________________________________________________________ (басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы «__»_________ № _____ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша оқу бітіргеннен кейінгі үш жыл ішінде бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _______________________________________________ (жазбаша) мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге _________________________________адамды жіберуге; (жазбаша)
2) Жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес жастар практикасына қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өту үшін мынадай жұмыс орындарын ұсынуға:
|
Р/с №
|
Кәсібі (мамандығы)
|
Білімі
|
Жастар практикасының ұзақтығы, айлар
|
Еңбекақының мөлшері айына, теңге
|
|
2) жұмыссыз азаматтармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;
3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
5) әрбір жұмыссызға қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
9) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
10) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
|
3. Еңбекақы төлеу
5. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шарттары негізінде жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
|
Тапсырыс беруші
|
Жұмыс беруші
|
|
______________________ ауданының) (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________
|
_______________________________
|
|
мекенжайы: _____________________
|
мекенжайы: _____________________
|
|
ЖСК
|
ЖСК
|
|
БСК
|
БСК
|
|
БСН (ЖСН)
|
БСН (ЖСН)
|
|
Коды
|
Коды
|
|
___________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
|
__________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
|
|
М.О.
|
М.О.
|
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар
практикасын қаржыландыру
туралы шартқа
қосымша
Нысан
_________________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы 201__ жылғы ____________ МӘЛІМЕТТЕР
|
Р/с
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
|
Жеке куәлігінің №, берілген күні
|
Туған күні
|
ЖСН
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1
|
||||
|
2
|
||||
|
Барлығы:
|
кестенің жалғасы
|
|||
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндер
|
Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге
|
Қызмет көрсетуші банк
|
20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
Басшы ______________________
Бас бухгалтер ______________
М.О.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1084 бұйрығына
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 35, 684-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 153-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4853 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128 (1331) «Заң газеті» газетінде жарияланған) 1-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 312-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 9-10 (26412) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістердің тізбесінің 1-тармағы.
4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 25 қазандағы № 350-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6680 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 454-Ө-М бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9057 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 ақпандағы № 63 (28287) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.