Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі Максимовка ауылының көшелерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2016 ж.

    Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі Максимовка ауылының көшелерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Максимовка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Рождественка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі Максимовка ауылының келесі көшелерінің атаулары:

    «Гончаров» көшесі «Қайырбек Жүсіпов» көшесіне;

    «Степная» көшесі «Сахан Аштаев» көшесіне қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Рождественка ауылдық округінің әкімі

    О. Копенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.