Успен ауданы Богатырь ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Успен ауданының Богатырь ауылының көшелерінің атаулары:
«Степан Разин» көшесі «Бауыржан Момышұлы» көшесі;
«Пугачев» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Богатырь ауылының әкімі
А. Жұматанова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.