Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 628 «2001 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 297 қаулысын жүзеге асыру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 шілде 2001 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №628 «2001 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 шілдедегі №297 қаулысын жүзеге асыру туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №628 «2001 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 шілдедегі №927 қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. Алыс және жақын шетелдерден отандастарымызды қабылдау квотасы бекітілсін. (№1 қосымша).

    2. Тарихи отанына оралуға тілек білдіруші отандастардың қоныстану мәселелерін шұғыл шешу үшін облыстық жұмысшы комиссиясы құрылсын.(№2 қосымша).

    3. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайғастыруға арналған шығындарды (бір жолғы жәрдемақылар, көлік шығындарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, бейімделу орындарын ұстау және ұйымдастыру шығындары) республика бюджетінен қаржылатындары қатерге алынсын.

    4. Қала және аудан әкімдері, облыстық көші-қон және демография басқармасы (Имашев М) оралмандардың отбасыларын қабылдап, жайластыруды және олар үшін қажетті әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін.

    5. Облыстық денсаулық сақтау департаменті (Нұргазиев Қ.Ш.) оралмандар отбасыларына медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

    6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рақымжанов Т.Ш.) оралмандардың белгіленген орындарға дейін жол жүру кезінде және қоныстанатын жерлерінде жеке басының және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтаығын тез арада алуына жәрдемдессін.

    7. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (Жмыхов А) заңнамада белгіленген тәртіппен оралмандарға жер телімдерін беруді қамтамасыз етсін.

    8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (Қайрешев С):

    1) Оралмандарға кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, ұлттық қолөнер кәсібін жаңғыртуға, фермерлік және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, жұмысқа орналасуына жәрдемдессін;

    2) Оралман отбасыларының құжаттарын шұғыл жүргізу үшін еріктілер ретінде студенттер мен зейнеткерлерді қоғамдық жұмыстарға қатыстырсын.

    9. Облыстық білім беру департаменті (Еспосынова С) оралмандардың білім және мамандық алуына, балаларының білім алуына жәрдемдессін.

    10. Облыстық телерадиокомпаниясы (Нұрғалиев А) оралмандардың келуі мен жайғастыру мәселелерін кеңінен насихаттасын.

    11. Облыстық мәдениет басқармасы (Имангалиев Б.)жергілікті ақсақалдар, жастар, облыс, қала және аудан көлеміне танымал адамдардың қатысуымен салтанатты кездесу кештерін еткізсін.

    12. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсалиеваға жүктелсін.

    Облыс әкімі

    С.Даукеев

    Облыс әкімінің 2001 жылғы

    1 тамыз №262 шешіміне

    1-қосымша

    2000 жылы Атырау облысы бойынша қоныстанушы оралмандарды қабылдау квотасы

    Рет саны
    Көшіп келушілер орналастырылатын аудандар
    Өзбекістан Республикасы
    Барлығы
    1
    Атырау қаласы
    2
    Исатай
    3
    Жылой
    10
    10
    4
    Құрманғазы
    5
    Мақат
    6
    Индер
    7
    Қызылқоға
    8
    Махамбет
    Барлығы
    10
    10
    Ескертпе: Оралмандардың тілегі бойынша көшіп келушілер орналастырылатые аудандардың өзгеруі ықтимал.

    Облыс әкімінің 2001 жылғы

    1 тамыз №262 шешіміне

    2-қосымша

    Тарихи отанына оралуға тілек білдіруші отандастардың қоныстану мәселелерін шұғыл қарау жөніндегі облыстық жұмысшы комиссиясының құрамы

    Мұрсалиева Тасқира Қабиқызы –облыс әкімі орынбасары, төрайым;

    Имашев Мақсот Имашұлы–облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, төрайымның орынбасары

    Садиков Кенжебай Жылқыбайұлы–көші-қон және демография басқармасының жетекші маманы, комиссия хатшысы

    Комиссия мүшелері:

    Жмыхов Анатолий Александрович–жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы

    Еспосынова Светлана Бағытқызы–облыстық білім беру департаментінің директоры

    Қайрешев Сағын Мұратұлы– облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры

    Нұрғазиев Қуаныш Шадыбайұлы–облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры

    Рақымжанов Төлеген Шаймарданұлы–ішкі істер басқармасының бастығы

    Туматов Сабырхан Идекамбекұлы–Атырау облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» МҚК директоры

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.