Астрахан ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 сәуір 2016 ж.

    Астрахан ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Астрахан ауданы әкімдігінің:

    Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 76 «Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4056 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде аудандық «Маяк» газетінде жарияланған);

    Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 173 «Астрахан ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2015 жылғы 21-28 тамыз аралығында аудандық «Маяк» газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

    Астрахан ауданының әкімі

    Т. Ерсейітов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.