«Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Қарғалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 295 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтық құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Қарғалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 295 (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4033 болып тiркелген, аудандық «Қарғалы» газетінде 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 39-40 санында және 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Әділет» АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С. Мұхтасаровқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Р. Сыдықов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.