Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 11 маусымдағы № 243 «Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4425 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде «Ойыл» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Мәслихаттың 2015 жылғы 9 қарашадағы № 268 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4630 тіркелген, 2016 жылғы 4 қаңтарда «Ойыл» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы:
Ж. Жақып
Аудандық мәслихат хатшысы:
Б. Бисекенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.