Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылындағы көшені қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескеріп, облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылындағы «50 лет Октября» көшесі «Гакаша Жакишев» көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі
В. Сәрсембинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.