«Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 «Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 «Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1, 21-баптарына, сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Риддер қаласы әкімдігінің «Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2676 тіркелген, 2012 жылғы 5 қазанда № 40 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Риддер қаласының әкімі

    Ж. Мұратов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.