Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округі Маралды станциясының көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескеріп, 2015 жылғы 11 маусымдағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округінің Маралды станциясындағы «Казарма», «Мир» көшелері «Жеңіс» көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі
С. Исағалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.