Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қазан 2001 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 114-құжат);

    2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 145-құжат);

    3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1849 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 526-құжат).

    2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.