2001 жылға арналған Атырау облысы халқын жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысын және 2001 жылғы 3 сәуірде бекітілген 2001 жылға арналған Атырау облысының халқын жұмыспен қамту бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібі; (1-қосымша);
2) жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыларндыру тәртібі. (2-қосымша);
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (С.Қайрешев) қала, аудандар әкімдерімен бірлесіп жергілікті бюджет қаржысы есебінен халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырсын.
3. Қала және аудандар әкімдері ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, мөлшерін және нақты шарттарын бекітсін;
4. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әжіғалиева) 2001 жылға жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен жұмыспен қамту бағдарламасын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Облыс әкімі
С.Дәукеев
Атырау облысы әкімиятының
21 тамыз 2001 жылғы №17
қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды және қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын қаржыландыру тәртібі.
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамьу туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қаулысын орындау мақсатында жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылады.
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мекемелерде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаржысы және жұмыс берушілер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
5. Жұмыспен қамту уәкілетті органдары жұмыс берушілері 1 айдан 6 айға дейін мерзімге ақылы жұмысты ұйымдастыруға келісім-шарт жасайды.
6. Ақылы қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады;
2) қоғамдық жұмыс уақытша жүргізіліп, жұмыс орнының саны шектелмейді және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орны мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.
3) қоғамдық жұмысты жарты күн және де жылжымалы график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі бар (жұмыссыздың еңбек ақысына қосымша төлемді төлейтін жағдайы бар кәсіпорындар толық жұмыс күнін бекітеді);
4) жергілікті аймаққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
5) арнаулы білімі жоқ жұмыссыздарға уақытша жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беріледі.
7. Өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмысты ұйымдастырам деуші жұмыс берушілер, жергілікті уәкілетті атқарушы органдарға тапсырыс береді.
3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу.
8. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
9. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен сәйкесті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбек ақының 1,5 еселенген мөлшерінде төленеді.
10. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың есептелген аңбекақысына қолданыстағы Заңдар тәртібімен салықтар салынады және уәкілетті жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша қаржы екінші деңгейдегі банкілерге, сол жерден жұмыссыздың жеке есеп шотына аударылады.
11. Жұмыссызға қоғамдық жұмыста жүрген уақытты денсаулығына зақым келсе, уақытша жұмысқа жарамсыздыққа ұшыраса және жұмыста жүріп зиян шеккен жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жұмыс берушінің есебінен төленеді.
4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу.
12. Жұмыспен қамту мәселелрі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды мекемелердегі қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
13. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелрі жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
14. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
15. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
16. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен, өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.
5. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру, есеп-қисап және бақылау тәртібі
17. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
18. Қоғамдық жұмысты ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 5-жұлдызына дейін өткен ай үшін барлық заңдылықтар тәртібіне сәйкес есеп беріп отырады (жұмыс уақыты есебінің тізбесі, атқарылған жұмыстардың есебі).
19. Жергілікті уәкілетті органдар кәсіпорындар есебін, тексеріп, ақылы қоғамдық жұмысты қаржыландыруға қажетті қаржының есебін анықтап, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне тапсырыс жолдайды.
20. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік департаменті облыс бойынша жергілікті уәкілетті органдардың, тапсырысын жинақтап, қажетті қаржының есебін анықтап, әр айдың 10-жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына тапсырыс түсіреді.
21. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен түскен сұраныстар негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландырылады.
22. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің есеп шотына қаржы түскеннен кейін, оны қоғамдық жұмыстарына ұйымдастырып отырған мекемелер шотына немесе әр жұмыссыздың өз есеп шотына аударады.
23. Жергілікті уәкілетті органдар ай сайын өтіп кеткен айда жұмсалған қаржы (ұлттық банк филиалымен жасалған) тексеру туралы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне, соңғысы облыстық қаржы басқармасына барлық заңдылықтарға сәйкес мәлемет беріп тұрады.
24. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі мен оны қаржыландырлуды еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, қаржы органдары және қаржыны бақылау органдары бақылау жасайды:
25. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.
Облыс әкімиятының
21 тамыз 2001 жылғы
№17 қаулысына 2-қосымша
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қаржыландыру тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын орындау шаралары туралы» Қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілдігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау:
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлауды (бастапқы кәсіби білім беру);
2) жұмыссыздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу және өндірістік қажеттілікті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында олардың біліктілігін арттыруды (қосымша білім беру);
3) егер жұмыссыздарға кәсіптері (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүргізу.
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау уәкілетті органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе білім беруге құқығы бар кәсіпорындарда үлгі шарт бойынша жүргізеді.
4. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері оқу бағдарламасына қарай белгіленіп, шартқа сай:
1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау мен қайта даярлау ұзақтығы алты айдан;
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру үш айдан аспайы тиіс.
Кәсіптік даярлауда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда оқу орны белгіленген тәртіппен жергілікті уәкілетті органды алдын ала хабардар етеді.
Жұмыссызды оқудан шығарған кезде білім беру ұйымы оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді. Бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған көлеміне ғана ақы төленеді.
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
5. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құнын төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
6. Жұмыссызды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға, аймақ шегінде оқу орнына барып-келу жолына шыққан шығындар енгізіледі.
7. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құны білім беру мекемесінің шотына ай сайын аудару арқылы төленеді.
8. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқытуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тіртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
9. Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығындар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.
4. Бақылау және есептілік
10. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар оқу орындарының оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары оқу органдарының оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізуді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
11. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
1) кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебінен жүргізеді;
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.