Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында қорғанудың ic-шаралары туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында қорғанудың ic-шаралары туралы

    Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда олардың болуының алдын алу және ic-қимыл жасауға даярлану, қатер төнуін, шығындар мен залалдардың болуын барынша азайту үшін Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызметі төтенше жағдайлардың жоғары қатерінің туындауымен байланысты ұйымдар мен азаматтарды қорғаудың Ic-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).

    2. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма (Е.В. Батов) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес қызметтері төтенше жағдайлардың туындауында қатер төнумен байланысты ұйымдар мен азаматтарды және оған теңестірілген объектілерді міндетті сақтандыру бөлігінде Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 18-бабын сақтауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бipiншi орынбасары – төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы В.В. Мейстерге жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Ө. Шөкеев

    2001 жылғы 14 қыркүйектегі

    № 126 қаулысына қосымша

    Қызметі төтенше жағдайлардың жоғары қатерінің туындауымен байланысты ұйымдар мен азаматтарды қорғаудың іc-шаралар жоспары

    Рет
    Ic-шаралардың атауы
    Орындалу мерзімі
    Жауапты орындаушы
    1.
    Төтенше жағдайлардың туындауының жоғары қатерi болатын ұйымдар басшыларының Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 764 қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес өздеріндегі өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздік декларациясын 6epyi.
    2001.25.09.
    Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма. Ұйымдар басшылары
    2.
    Көпшілік тұрғын жайларға (тұрғын үйлер) жақын орналасқан (жапсарлана, жанама салынған) қызметінде төтенше жағдайлардың туындауының жоғары қатері болатын ұйымдар мен азаматтар жөнінде, ұйымның (объектінің) атауы, басшының (иесінің) тeri, аты, әкесінің аты, мекен-жайы туралы нақты ақпарат даярлау.
    2001.25.09. бұдан әpi тұрақты
    Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма
    3.
    Қызметі төтенше жағдайлардың туындауы қатерінің туындауымен байланысты ұйымдар және азаматтармен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктері, өздерінің құзырындағы ұйымдарды (объектілерді) міндетті сақтандырудың қажеттілігі мен мерзімдері туралы жұмысшы кеңесін өткізу.
    2001.25.09.
    одан әрі тұрақты түрде
    Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма
    4.
    Жоғары қатерлi төтенше жағдайлар саласында атқарушы органдардың және ұйымдар (объектілер) басшыларының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде қабылдайтын (қабылдаған) шаралары, зардаптары, қажетті қауіпсіздігі, ұйымдар мен азаматтар қызметінің қатер төнуінің және зияндылығының дәрежесі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын тұрақты түрде хабарландырып отыру.
    Тұрақты
    Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма. Ұйымдар басшылары
    5.
    Қызметтері төтенше жағдайлардың жоғары қатерінің туындауымен байланысты ұйымдарға және азаматтарға, олардың төтенше жағдайлар туындаған кезде алдын алу және жою жөнінде ic-шаралар кешеніе ұйымдастыруға бақылау жасауын жүзеге асыру.
    Тұрақты
    Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.