Мемлекеттік сатып алулар үдерісін тәртіпке келтіру туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінде бюджет қаражаттарын оңтайлы пайдалану мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облыстық коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаментіне 10 000 айлық есептік көрсеткішінен асатын сомдағы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстардың ұйымдастырушы болу тапсырылсын.
2. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде, жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімгерлері осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Ө. Шөкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.