Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2001 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2001 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

    Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 Жарлығының негізінде ШЕШТІМ:

    1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1983 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2001 жылғы қазан-желтоқсанда жүргізілуі қамтамасыз етілсін.

    2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға және облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    3. Қалалар мен аудандар әкімдері:

    1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмыспен ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, әскери комиссариаттарға қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлсін;

    2) әскерге шақырығандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін әскери комиссариаттарға көлік құралдарын бөлсін және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етсін;

    3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын;

    4) әскерге шақырушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақыруларды аудандық, қалалық шақыру пунктеріне, медициналық комиссияға және әскерге жіберу үшін облыстық жинақтау пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңының 35-бабына сәйкес қарастырылған қаражат шегінде жүргізілсін;

    5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пункттерінде жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын;

    6) әскери комиссариаттарға әскерге шақыру пунктеріне жабдықталған орындар және белгіленген талаптарға сәйкес әскерге шақыру пункттеріне жөндеу жүргізу және қайта жабдықтау үшін басқа да құралдарды бөлу жөніндегі шараларды қабылдансын;

    7) Ұзынкөл, Федоров, Қарасу аудандарының әкімдері әскерге шақыру пункттеріне арналған қызмет орындарын бөлсін және белгіленген тәртіпке сәйкес жабдықтасын.

    4. Облыстық денсалық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалмжанов):

    1) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін 2 қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін;

    2) облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссиялардың дәрігер-мамандарының еңбекақысын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

    5. «Қазақстан темір жолы» РМК Қостаанй тасымалдау бөлімшесі (Е.Н. Рахметжанов) облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстары бойынша толықтырушылары бар командаларды қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поздарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім бойынша).

    6. Облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев):

    1) әскерге шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарлармен сауда жасауды және ыстық асты ұйымдастырсын;

    2) әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы өтінімдер бойынша жүргізсін.

    7. Облыстық ішкі істер басқармасы (Н.М. Дейхин) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:

    1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, ұсталғандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізсін;

    2) облыстық жинақтау пунктінде, қалалық және аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полицияның тәулік бойғы нарядын бөлсін;

    3) әскерге шақырушыларды облыстың әскери комиссариаттарынан жөнелткен кезде, сондай-ақ Қостанай темір жол стансасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін және әскерге шақырушыларды шығарып салу үшін әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша автокөлік бөлсін.

    8. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды облыстық әскери комиссариаттың шығыстар сметасында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.

    9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2002 жылдың 10 қаңтарына берілсін.

    10. «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2001 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» облыс әкімінің 2001 жылғы 3 сәуірдегі № 63 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.

    11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа, облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Ө. Шөкеев

    Қазақстан Республикасы

    Қостанай облысы әкімінің

    2001 жылғы 3 қазандағы

    № 112 шешіміне 1 қосымша

    Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

    Бектұрғанов Серік Шынғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

    Лосьев Игорь Евгеньевич - облыстық әскери комиссар, төрағаның орынбасары

    Куванова Бибігүл Төлегенқызы - әскерге шақыру комиссиясының хатшысы

    Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері:

    Абраменко Алексей Иванович - облыстық әскери комиссариаттың 2-бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы

    Колесникова Ольга Ивановна - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

    Садуақасов Тұрсынбай Бақытбайұлы - облыстық ІІБ бастығының орынбасары

    Қазақстан Республикасы

    Қостанай облысы әкімінің

    2001 жылғы 3 қазандағы № 112

    шешіміне 2 қосымша

    Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы

    Абраменко Алексей Иванович - облыстық әскери комиссариаттың 2-ші бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, комиссия төрағасы

    Комиссия мүшелері:

    Алдажұманова Ирина Темірбекқызы - дәрігер-терапевт

    Бауэр Михаил Иванович - дәрігер-хирург

    Гончарова Людмила Константиновна - дәрігер-рентгенолог

    Гостева Светлана Михайловна - дәрігер-терапевт

    Досмұхамбетов Мәлік Седанұлы - дәрігер-психиатр

    Жұмабаев Болат Абдолұлы - дәрігер-отоларинголог

    Жабаев Әділхан Аңсоғарұлы - дәрігер-нарколог

    Мовчан Василий Григорьевич - дәрігер травматолог

    Мұстафина Лениана Қаратайқызы - дәрігер-стоматолог

    Садықов Абылай Садықұлы - дәрігер-фтизиатр

    Сахарева Светлана Владимировна - дәрігер-психиатр

    Үкина Айнагүл Төлешқызы - дәрігер-невропатолог

    Хван Наталья Сргеевна - дәрігер-дерматолог

    Хоронего Галина Яковлевна - дәрігер-окулист

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.