«Ел тәуілсіздігінің 10 жылдығына – ізгі істер» жалпыұлтық қозғаласының шеңберінде облыстың қалалары мен елді мекендерін тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі күзгі айлықты жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «2001 жылды Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы деп жариялау туралы» Жарлығына, Елбасының «Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына – ізгі істер» атты елді мекендерді тазалық пен ретке келтіру қозғалысын өрістету жөніндегі тапсырмасына сәйкес:
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
- 2001 жылдың 24 қыркүйегінен 2001 жылғы 24 қазан аралағында санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдарың, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерінің 2001-2002 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмасықа әзірлігі жөніндегі айлық өткізуді ұйымдастырылсын;
- жақын орналасқан ауақтарды, көшелерді, бақтарды, саябақтарды санитарлық тазалау, көркейту, жаңғырту, көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды мезгілінде орындауды қамтамасыз етсін;
- айлық өткізу барасында арықтарды, нөсер су ағатын кәріздерді тазалауға, контейнер алаңшаларын, шатырладры, су ағатын құбырларды жөндеуге, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерінің кіреберіс есектерін бітеуге, ғимараттарға үй нөмірлері мен көше атаулары көрсетілген тақтайшаларды орнатуға ерекше көңіл бөлсін.
2. Қарағанды қаласының әкімі (К.К.Изаак), кәсіпорындардың,
ұйымдардың басшылары кәсіпорындар мен ұйымдарға бекітілген көшелерді көркейту мен жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау бойынша шұғыл шаралар қабылдасын және оларды қабылдау комиссиясына тапсыруды қамтамасыз етсін.
3. Күзгі кезеңде ағаштар мен көшеттер отырғызу жөніндегі жоспар-тапсырма (N 1 қосымша) бекітілсін.
4. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі күзгі аймақтық өткізу барысы туралы ақпаратты (N 2 қосымша) өспелі жиынмен облыс әкімінің аппаратына апта сайын жұма күні ұсыну міндеттелсін.
Қорытынды ақпарат 2001 жылғы 30 қазан қарсаңында ұсынылсын.
5. Бұқаралық ақпарат құралдары санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру және кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерің алдағы 2001-2002 ж.ж. жылыту маусымына әзірлігі жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысы туралы жүйелі түрде жариялансын.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарың міндетін атқарушы П.А.Ильницкийге жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі
К.Мұхамеджанов
Облыс әкімінің 2001 жылғы
28.09
N 201 шешіміне N 1 қосымша
2001 ж. күзгі кезенде (20.09-тен 20.10-ға дейіенгі кезеңге) облыс бойынша ағаштар мен көшеттер отырғызу жөніндегі ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
|
Рет N
|
Қаларар, аудандар
|
Ағаштар
|
Көшеттер
|
|
1
|
Қарағанды
|
8840
|
-
|
|
2
|
Жезқазған
|
800
|
-
|
|
3
|
Сәтпаев
|
750
|
-
|
|
4
|
Балқаш
|
-
|
-
|
|
5
|
Теміртау
|
1740
|
-
|
|
6
|
Саран
|
200
|
600
|
|
7
|
Шахтинск
|
600
|
600
|
|
8
|
Приозерск
|
1000
|
-
|
|
9
|
Қаражал (Жәйрем)
|
500
|
-
|
|
10
|
Абай ауданы
|
840
|
410
|
|
11
|
Ақтоғай ауданы
|
700
|
300
|
|
12
|
Бұқар жырау ауданы
|
450
|
1000
|
|
13
|
Жаңаарқа ауданы
|
200
|
100
|
|
14
|
Қарқаралы ауданы
|
150
|
150
|
|
15
|
Нұра ауданы
|
600
|
300
|
|
16
|
Осакаров ауданы
|
850
|
800
|
|
17
|
Шет ауданы
|
-
|
-
|
|
18
|
Ұлытау ауданы
|
1400
|
-
|
|
Барлығы
|
19620
|
4260
|
Облыс әкімінің 2001 жылғы
28.09
N 201 шешіміне N 2 қосымша
«Облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту жөніндегі күзгі айлықты жүргізу туралы» облыс әкімінің аппаратында апта сайын есеп беру үшін сұрақтар ТІЗБЕСІ
1. Тазалау мен көркейтуге қатыстырылған ұжымдар саны
2. Қатысушылар саны (адам)
3. Қатыстырылған барлық техника, соның ішінде автомаштиналар, жүк тиеушілер
4. Тазартылған аумақтар (га)
5. Жойылған ұйымдастырылған қоқыстар (дана)
6. Жөнделген қасбеттер (дана)
7. Жылытылған подъездер (дана)
8. кесілген ағаштар (дана)
9. Құрғатылған үй асты (дана)
10. Жөнделген көше және аула жарықтары (дана)
11. Қоқыс жығаруға жасалған қосымша келісімдер (дана)
12. Қоқыс жинауға орнатылған қосымша контейнерлер (дана)
13. Әкетілген қоқыс көлімі (мың тонна)
14. Көріктендірілген ескерткіштер және олармен шектесетін аумақтар (дана/шаршы метр)
15. Тазартылған және жөнделген арықтар, нөсерағарлар (км)
16. Тазартылған бұлақтар Тазартылған
17. Апаттарды жойғаннан кейін аумақтарды жоспарлау және көркейту (дана)
18. Жөнделген және сырланған қоршаулары (қума метр)
19. Отырғызылған ағаштар, көшеттер (дана)
Қабылданған шаралар:
20. Кәсіпорындар, ұйымдар аумақтарының санитарлық тазалық талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде рейдтер жүргізіді.
21. Нұсқамалар және ескертулер ресімделді.
22. Айыппұлдар салынды
23. Объектіне пайдалануды тоқтату туралы қаулылар шығарады.
24. Прокуратураға істер ресімделді.
25. Тұрғындар жиынты ұйымдастырылды.
26. Санитарлық – ағартушылық жұмыс.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.