Атырау облысында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым бағыттағы шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекiту туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 176 _ қаулысын орындау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығын iске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым бағыттағы шаралар жоспары бекiтiлсiн (жалғанады).
2. Қала, аудан әкiмдерi, облыс ұйымдары мен құқық қорғау органдарының басшылары осы Жоспарды орындау үшiн шараларын алсын.
Жоспардың орындалу барысы туралы тоқсан сайын талдау жасап, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей нашақорлықпен және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссияның жұмысшы органына (облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмi) ақпарат тапсырсын.
3. Жоспардың орындалу барысы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссияның мәжiлiстерiнде әрдайым қаралып отырсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары, нашақорлықпен және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссияның төрағасы Т.Каримовке жүктелсiн.
Облыс әкімі
С. Дәукеев
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 20 сәуiр № 144
шешiмiмен бекiтiлген
Атырау облысында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым бағыттағы шаралар жоспары
|
Шаралар
|
Аяқталу нысандары
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындалу мерзімі
|
|
1. Есiрткi құралдар мен психотроптық заттарға сұранымды қысқарту
|
|||
|
1.1. Есiрткi құралдарын
психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану көлемi мен олардың жасырын деңгейiне кешендi жылма-жыл зерттеулер жүргiзу.
|
Нашақорлықпен пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі аймақтық комиссияға (НЕҚАК) ақпарат беру
|
Денсаулық сақтау, басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
|
2001-2005 ж.ж. қараша
|
|
1.2. Әлеуметтiк қызметтер мен құқық қорғау органдары
қызметкерлерiне "аса қатерлi" топтарда алдын алу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiне қатысты
семинарлар ұйымдастыру
|
Ведомстволық бұйрықтар және НЕҚАК-ға
ақпарат беру
|
Бiлiм басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық IIБ-сы, Атырау стансасындағы ЖIIБ-сы, ақпарат
және қоғамдық келiсiм басқармасы НЕҚАК
|
2001-2005 ж.ж. қараша
|
|
1.3. Педагогтар мен профессор-оқытушылар құрамы үшін оқушылар мен студенттердің есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қабылдау ықтималдығын көрсететін нышандарды байқау және анықтау жөнінде нұсқама-әдістемелік басшылық әзірлеу және тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арылы хабарлау
|
Ведомстволық бұйрықтар
|
Денсаулық сақтау, басқармасы, білім басқармасы, ОІІБ-ы
|
2001 ж. тамыз
|
|
1.4. Медициналық колледждiң және бiлiм беру жүйесiнiң облыстық бiлiм жетiлдiру Консультациялық пункттер штатына психолог және (немесе) психотерапевт бірлігін енгізу туралы мәселені шешу.
|
Ведомстволық бұйрықтар
|
Денсаулық сақтау, басқармасы, білім басқармасы
|
2001 ж. қыркүйек
|
|
1.5. Облыстық теледидардың жастарға арналған айсайынғы бағдарламасында және облыстық "Атырау", "Прикаспийская коммуна" және аудандық газеттерде нашақорлыққа қарсы күрестiң проблемаларына арналған рубрикалар ашу
|
Ведомстволық бұйрықтар
|
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық телерадио- компания, "Атырау","Прикаспийская коммуна" газеттерiнiң редакциясы, және аудан әкiмдерi
|
2001-2005 ж.ж. қаңтар
|
|
1.6. Облыстық теледидар арнасында салауатты өмiр салтын насихаттауға арналған жарнамалық бейне роликтер әзiрлеу, сонымен қатар Атырау қаласының көшелерiнде жастардың көрнектi өкiлдерi (спортшылар, конкурстар жеңiмпаздары және т.б.) орталығы, туризм және бейнеленген жарнамалар орналастыру спорт басқармасы, Атырау қаласының әкімі
|
ИЕҚАК-ға ақпарат
|
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру СӨСҚ
|
2001-2005 ж.ж. ай сайын
|
|
1.7. Есiрткiге қарсы насихат және салауатты өмiр салты идеологиясы жөнiнде пәрмендi алдын алу шаралары жүйесiн әзiрлеу
|
әкімдер
|
Денсаулық сақтау басқармасы, СӨСҚ орталығы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, ОIIБ-сы
|
2001-2005 ж.ж. қараша
|
|
1.8. Мектептерде, колледждерде және ЖОО-да есiрткiлердi пайдалануға байланысты проблемалар салынуға жөнiнде жасырын консультациялар өткiзу үшiн консультациялық пункттер ашу жөнiнде шаралар қолдану. Консультациялық пункттер штатына психолог және (немесе) психотерапевт бiрлiгiн енгiзу туралы мәселенi шешу.
|
әкімдер актілері
|
Білім басқармасы, қала және аудан әкімдері Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, МжГИ
|
2001ж. қараша
|
|
1.9. Оқу орындарында ұдайы нарколог- мамандарды қатыстырып, нашақорлықтың ерте алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, "қатерлi" топтарға жататын жасөспiрiмдер мен олардың отбасыларына наркологиялық және оңалту орталықтарында тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету
|
Ведомстволық бұйрықтар, НЕҚАК-ға ақпарат
|
Білім басқармасы денсаулық сақтау қала және аудан әкiмдерi, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, МжГИ
|
2001-2005 ж.ж. қараша
|
|
1.10 "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" деген ұранмен өткiзiлетiн мектеп оқушылары мен студенттердiң бүкiлқазақстандық қозғалысына қатысу
|
әкiмдер актiлерi
|
НЕКАК-сы, бiлiм басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, ОIIБ-сы, қала және аудан әкiмдерi
|
Жыл сайын мамыр
|
|
1.11. Жыл сайын "Дүниежүзiлiк нашақорлыққа қарсы күрес күнiн" атап өту шараларын өткiзу
|
Ведомстволық күрес
|
Денсаулық сақтау басқармасы, СӨСҚ орталығы, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ИЕҚАК-сы
|
Жыл сайын, 26 маусым
|
|
1.12. "Жастар есiрткiге қарсы","Шылымсыз бiр күн" және т.б. жастар акцияларын ұйымдастыру
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
Денсаулық сақтау басқармасы, СӨСҚ орталығы, бiлiм басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, НЕҚАК-сы
|
Жыл сайын
|
|
1.13. "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" тақырыбында социологиялық зерттеулер жүргiзу
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
|
2001 ж.
2 тоқсаны
|
|
1.14. Наркологиялық диспансерлер(ауруханалар) жанындағы есiрткi құралдары және психотроптық заттарды пайдаланатын адамдарды айғақтау зертханаларын ұйымдастыру- кадрлық жағынан нығайту
|
Әкімдер актілері, Ведомстволық бұйрықтар
|
Денсаулық сақтау басқармасы, қала және аудан әкімдері
|
2001 ж. қарашасы
|
|
1.15. Жастар жаппай жиналатын жерлерде, демалыс және бос уақытты өткiзу орындарында есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды пайдалануға салынудың алдын алу мақсатында бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды жандандыру.
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
ОБІІ-сы, қала және аудан әкімдері
|
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1 күнінен кешіктірмей
|
|
1.16. Нашақорлыққа ерте бейiмделудiң алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерi және ұстаздар ұжымдарымен бiрлесiп, жалпы бiлiм беретiн мектептерде, колледждерде, кәсiптiк-техникалық мектептер және ЖОО-да құқық қорғау органдары тәжiрибесiнен нақты оқиғаларды келтiре отырып, дыбыс және бейне техниканы қолданып, тақырыптық кештер, пiкiрталастар және әзiрленген жоспар бойынша кездесулер өткiзу
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
Білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, ОБІІ-сы, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, МжГИ, қала және аудан әкімдері
|
Тоқсан сайын
|
|
1.17. Жасөспiрiмдер мен жастардың демалысын ұйымдастырудағы ПИК-тер(пәтер иелерi кооперативтерi) қызметiне бағдар беру
|
Әкімдер актілері, НЕҚАК-ға ақпарат
|
Қала және аудан әкімдері
|
Тоқсан сайын
|
|
1.18. ПИК (пәтер иелерiнiң кооперативтерi) мен нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссияның өкiлдерiнiң қатысуымен есiрткi құралдарды және психотроптық заттарды пайдалануға жарамды тұрғын емес үй-жайларды анықтауға бағытталған "Жертөле", "Тор", "ЖасӨспiрiм", "Шатыр" атты алдын алу операцияларын өткiзу
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
ОБІІ-сы, денсаулық сақтау басқармасы, НЕҚАК-сы, қала және аудан әкімдері
|
Тоқсан сайын
|
|
1.19. Жабайы өсетiн кендiрдiң заңсыз егiстерi мен шабындықтарын анықтау және жою жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз ету
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
ОБІІ-сы, қала және аудан әкімдері
|
2001-2005 ж.ж. шілде, қазан
|
|
2. Есірткі құралдары, психотроптық заттарды пайдалануға салынған адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту
|
|||
|
2.1. Облыс орталығында нашақорлықтан сәттi емделу курсын өткен адамдар үшiн дәрiгерлiк емдеу-бейiмдеу орталығын құру
|
Облыс әкімінің шешімі
|
Денсаулық сақтау басқармасы
|
2001 ж.
4 тоқсан
|
|
2.2. Аудандарда және қалада наркологиялық кабинеттердi, ауылдық жерлерде - фельдшерлiк наркологиялық пункттердi қалпына келтiру
|
Ведомстволық бұйрықтар, әкімдер актілкрі
|
Денсаулық сақтау басқармасы, қала және аудан әкімдері
|
2001 ж. қараша
|
|
2.3. Есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалтудың бар әдiстемелерiн жетiлдiру және жаңаларын әзiрлеу мақсатында халықтың есiрткi құралдарды және психотроптық заттарды пайдалану мәселесi бойынша эпидемиологиялық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру
|
Ведомстволық бұйрықтар, НЕҚАК-ға ақпарат
|
Денсаулық сақтау басқармасы
|
Жыл сайын маусым, желтоқсан
|
|
2.4. Есiрткiге тәуелдi адамдарды нәтижелi емдеу және оңалту үшiн психиатр-нарколог дәрiгерлердi кәсiби даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру
|
Ведомстволық бұйрық
|
Денсаулық сақтау басқармасы
|
2001 ж. желтоқсан
|
|
2.5. Бас бостандығынан айыру орындарында наркологиялық қызмет ұйымдастыру және оны материалдық-техникалық жарақтандырудың қажеттi шараларын алу
|
НЕҚАК-ға ақпарат
|
ҚР ІІМ ҚАЖКБ-сы, ОІІБ-сы
|
Тоқсан сайын
|
|
2.6. Наркологиялық диспансерде кәмелетке толмаған жастарды емдеу үшiн стационарлық бөлiмше құру
|
Ведомстволық бұйрық, ИЕҚАК-не ақпарат
|
Денсаулық сақтау басқармасы
|
2001 ж. мамыр
|
|
2.7. Облыстық және қалалық наркологиялық мекемелерде нашақорларды жасырын емдеу кабинеттерiн ашу
|
Ведомстволық бұйрық
|
Денсаулық сақтау басқармасы
|
2001 ж. қыркүйек
|
|
2.8. Мемлекеттiк емес ұйымдарға олардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды терiс пайдаланатын адамдарды емдеу және оңалту саласындағы заңды қызметiне көмек көрсету
|
ИЕҚАК-не ақпарат
|
Денсаулық сақтау басқармасы ИЕҚАК-сы
|
Тоқсан сайын
|
|
2.9. Емдiк негiзде қолданылатын есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың меншiк түрiне қарамастан дәрiханалар арқылы таратылуының заңдылығына және түгелдiгiне ұдайы бақылау жасау. Дәрiгерлiк- фармакологиялық қызметкерлерге емдiк негiзде қолданылатын есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қолдану тәртiбi туралы соңғы қабылданған нұсқаулар мен ережелердi қатерiне салып отыру
|
ИЕҚАК-не ақпарат
|
ОІІБ-сы, денсаулық сақтау басқармасы ИЕҚАК-сы
|
Тоқсан сайын
Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссия
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.