Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару", 1995 жылы 17 сәуірдегі " Лицензиялау туралы", 1998 жылы 01 шілдедегі " Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы", 1998 жылы 01 шілдедегі " Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі жөніндегі)", 1999 жылы 16 шілдедегі " Этил спирті мен спиртті ішімдіктердің айналымын және өнімін мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылы 29 желтоқсандағы N 1894 "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" қаулысын орындау мақсатында, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы қабылдады:

    1. Алматы қаласы әкімі аппаратының Экономика жөніндегі комитеті Алматы қаласында келесі қызмет түрлерін лицензиялау жөніндегі өкілетті орган болып белгіленсін:

    1) дезинфекция, дезинсекция, дератизация дәрмектерін дайындау, өндіру, өңдеу және көтерме саудамен тарату, сонымен қатар оларды қолданатын жұмыс қызмет түрлеріне;

    2) ветеринарлық;

    3) Алматы қаласының аймағына шетел жұмыс күшін тарту және Алматы қаласынан жұмыс күшін шетелге шығаруға байланысты іс-әрекеттер;

    4) медициналық және дәрігерлік;

    5) Алматы қаласының аймағында жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе орта білім және бастауыш кәсіпкерлік, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға білім беру қызметтеріне;

    6) жергілікті лотерея ойынын ұйымдастыру және жүргізу;

    7) казино және тотализатор ұйымдастыру және жүргізу;

    8) спиртті ішімдіктер өнімдерін бөлшектеп сату (сырадан басқа);

    9) жылу энергиясын өндіру, беру және тарату (жылу энергиясы көзінен бекітілген жылыту қуат көлемі 100 Г/каллорияға дейін).

    10) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен толайым саудалау;

    11) алкоголь және қара металлдарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен саудалау.

    2. N 1 Қосымшадағы аталған қала қызметтері, лицензия алушы субъектілерге қойылатын квалификациялық талаптарға сай, аталған қызмет түрлеріне қолданылып жүрген заңдар жиынтығына сәйкес қорытынды беруді іске асырады. Лицензия беру үшін, қорытынды беруші орган бекіткен нысан бойынша қорытынды алу, міндетті түрдегі шарт болып табылады.

    2-1. Экономика жөнiндегi комитет түстi және қара металлдарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен саудалау қызметiне лицензия алуға тiлек бiлдiрушi субъектiлердiң бiлiктiлiк талаптарға сай екендiгiн тексерудi жүзеге асыратын болсын.

    3. Алматы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы", 1999 жылы 18 тамыздағы N 720 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылы 2 наурыздағы N 216 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2000 жылы 24 шілдедегі N 758 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2000 жылы 9 қарашадағы N 1050 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2001 жылы 24 мамырдағы N 346 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылы 24 мамырдағы N 347 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 Алматы қаласында фармация қызметіне лицензия беру жөніндегі мәселесі бойынша шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімдері өз күшін жойды деп табылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қ. Жаңбыршинге жүктеледі.

    Алматы қаласының Әкімі

    В. Храпунов

    Әкімшілік хатшысы

    К. Тәжиева

    Алматы қалалық әкімшілігінің

    2001 жылы 11.07. N 1/72

    қаулысына N 1 қосымша

    Қызмет түрлері лицензиялауға жататын қызмет түрлерімен айналысу үшін квалификациялық талаптарға сай лайықтылығын анықтайтын қорытынды беретін сарапшылар комиссиясы

    1. Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының жанындағы сарапшылар комиссиясы - дезинфекция, дезинсекция, дератизация дәрi-дәрмектерi мен құралдарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме саудамен сату қызметтерiне, сонымен қатар оларды қолдануға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсету, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметтерiне қорытынды бередi. <*>

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Алматы қаласы бойынша Аймақтық басқармасы жанындағы сараптаушы комиссиясы ветеринарлық қызметке қорытынды. <*>

    3. Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің жанындағы сарапшылар комиссиясы - Алматы қаласының аймағына шетел жұмыс күшін тарту және Алматы қаласынан жұмыс күшін шетелге шығаруға байланысты іс-әрекеттеріне қорытынды.

    4. Денсаулық сақтау Департаментінің жанындағы сарапшылар комиссиясы - медициналық және дәрігерлік қызметтерге қорытынды.

    5. Алматы қаласы Бiлiм департаментi жанындағы сараптаушы комиссиясы - негiзгi жалпы және орта немесе бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына, сонымен қатар Алматы қаласының аумағындағы мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметтерiне қорытынды.

    6. Қалалық қаржы басқармасының жанындағы сарапшылар комиссиясы - жергілікті лотерея ойынын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметтеріне қорытынды.

    7. Алматы қаласы өндiрiс және сауда департаментiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы - тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және жүргiзу қызметiне қорытынды.

    8. Аудан әкімдері аппаратының жанындағы сарапшылар комиссиясы - спиртті ішімдіктер өнімдерін бөлшектеп сату қызметтеріне қорытынды.

    9. Алматы қаласы әкімі аппаратының энергетика бөлімінің жанындағы сарапшылар комиссиясы - жылу энергиясын өндіру, беру және тарату (жылу энергиясы көзінен бекітілген жылыту қуат көлемі 100 Г/каллорияға дейін) қызметтеріне қорытынды.

    10. "Қазалкоорталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме саудалауға тұжырымдама беруге.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.