Семей, Курчатов қалалары әкімдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында облыс әкімінің реформаларды тереңдету жөнінде 1997-1998 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау жөніндегі ұйымдастыру және практикалық жұмысының жағдайы туралы
Семей және Курчатов қалалары әкiмдерiнiң (Бутин В.С., Дмитропавленко В.Н.) хабарламаларын тыңдап және талқылап, олар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында облыс әкiмiнiң реформаларды тереңдету жөнiнде 1997-1998 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау жөнiнде белгiлi жұмыс атқарды деп атап көрсетемiн. Оларды орындау жөнiнде тиiстi қалалық Бағдарламалар мен шаралар қабылданды. Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы жөнiнде белгiленген шаралар бұдан былай да экономиканы қайта құруларды жүзеге асыруға, қалалардың мүмкiндiктерiн неғұрлым толық пайдалануға бағытталған.
Сонымен қатар қалалардың экономикасы мен әлеуметтiк саласындағы дағдарыстық болмыстарды жеңу жеткiлiктi емес, жүргiзiлiп жатқан реформалар тиiстi нәтижелерiн бермеуде. ¤зара төлемдер мен берешектер проблемалары шешiлген жоқ. Семей қаласы бойынша кредиторлық борыш 1997 жылғы 1 желтоқсанға 13 млн.теңге, оның iшiнде мерзiмi өтiп кеткендер 56 млн.теңге, 1997 жылғы 1 қараша- мен салыстырғанда тиiсiнше 86 және 34 млн.теңге болды. Курчатов қаласы бойынша кредиторлық борыш осы мерзiмiнiң iшiнде 50 млн. теңгеге, оның iшiнде мерзiмi өтiп кеткендер 58,3 млн.теңгеге өстi. Курчатов қаласы бойынша жалақы жөнiнде мерзiмi өтiп кеткен борыш 1997 жылғы 1 желтоқсанға 11,6 млн.теңге болды немесе жыл басымен салыстырғанда 1.6 млн. теңгеге өстi. Қалалар бюджеттерiнiң кiрiс бөлектерi облыстық деңгейден төмен орындалды. Семей қаласы бойынша бюджетке 103 млн.теңге, Курчатов қаласы бойынша 5,1 млн.теңге кем түстi. Семей қаласының iрi кәсiпорындары бойынша салықтық түсiмдерiнiң үлес салмағы төмендеп кеттi және 1996 жылғы 10.2 проценттiң орнына 3 процент болды. Семей қаласы бойынша 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджеттiң берешегi әлiде жоғары қалпында қалуда.
Бюджеттiк±ұйымдардың коммуналдық қызметтер бойынша едәуiр өскендiк болды, жәрдемақылар бойынша, медициналық сақтандыру қорына берешектер сол қалпында қалды. Алайда, шығындардың басымдық ерекшелiктерi бойынша осындай берешектерi бола тұрса да, қаражаттар жыл бойы жабдықтар алуға, 136,2 млн. теңгеге күрделi жөндеу жұмыстарын жүpгiзуге жұмсалған, мұнда жай жөндеу және мекемелердiң мұқтаждары үшiн тауарлы-материалдық бағалы заттар алу ескерiлмеген. Бұдан басқа қаржылық бақылаудың тексеруi нәтижесiнде жалақы төлеуге бөлiнген 1.7 млн.теңге сомасындағы қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактiсi анықталды. Балалары бар отбасыларына жәрдемақыларды төлеу және тағайындау жөнiндегi қаражаттарды пайдаланудың дұрыстығын тексерудiң нәтижесiнде 308,9 мың теңге қаражаттың заңсыз пайдаланғандығы және 89.1 мың теңге сомасында артық төленген 33 жағдай анықталды. Семей қаласы бойынша 1997 жылы ашылған зиянның жалпы сомасы 33,1 млн.теңге, оның iшiнде материалдық бағалы заттар мен ақша қаражаттарының жетiспеуi және ұрланып-жырлануы 15.2 млн.теңге, заңсыз шығындар 17.9 млн.теңге болды.
Бюджеттiк қаражаттарды 19.1 млн.теңге сомасында мақсатсыз жұмсағандық анықталды, одан 8,2 млн.теңге қалпына келтiрiлдi, қаржыландыру кезiнде 3,9 млн.теңге есептелдi.
Жасырылған кiрiстер мен қорларға аудару сомасы 15.3 млн.теңге болды. Құқық қорғау органдарына ревизиялар мен тексерулердiң 32,5 млн.теңге сомасына зиян келтiрiлген материалдары жiберiлдi.
34 лауазымды адамдар тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартылды, одан 21 адам қызметтерiнен босатылды.
Курчатов қаласы бойынша кәсiпорындардың жалпы санына қарағанда шығын шеккен кәсiпорындар жыл басымен салыстырғанда 7.1 процентке өстi.
Курчатов және Семей қалаларының әкiмдерi жаңа жұмыс орындарын құруға жеткiлiктi көңiл бөлмеуде. Құрылған 2207 жұмыс орнынан халықты жұмыспен қамту қоры есебiнен небәрi 76 жұмыс орны құрылған.
Жер иелiгiне мемлекеттiк актiлердi беру баяу қарқынмен жүргiзiлуде. Бұл актiлерге жер пайдаланушылардың жартысынан кемi ие болуда. Денсаулық сақтау мекемелерiнiң көпшiлiгiнде емдеу-профилактикалық жұмыс нашар жолға қойылған. Туберкулез,сифилис ауруларымен науқастану өсуде, өлiм көбейе түстi.
Әскер қатарына шақырылушылардың 50 проценттен астамы денсаулықтарының жағдайына байланысты кейiнге қалдырылды.
Семей және Курчатов қалалары әкiмдерiнiң ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында реформаларды тереңдету тиiмдiлiгiн арттыруы, iс-қимылдардың Бағдарламасы мен жоспары бойынша белгiленген шараларды толық орындаулары мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Семей және Курчатов қалалары әкiмдерiнiң ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында облыс әкiмiнiң реформаларды тереңдету жөнiнде 1997-1998 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау жөнiндегi жеткiлiксiз жұмысы атап көрсетiлсiн.
2. Семей қаласының әкiмi В.С. Бутин қаланың өнеркәсiп кәсiпорындарына басшылық етудегi елеулi кемшiлiктерi мен олқылықтары үшiн қала әкiмiнiң орынбасары Н.К.Тойшыбаевтың және өнеркәсiп, сауда департаментiнiң бастығы Б.Х. Ысқақовтың атқарып жүрген қызметтерiне сайлығы туралы мәселенi шешсiн.
3. Семей қаласының әкiмi В.С. Бутиннен, Курчатов қаласының әкiмi В.Н. Дмитропавленкодан нақты шаралар қолдану талап етiлсiн:
- өнеркәсiп кәсiпорындарын және басқа шаруашылық субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiнде, төлемсiздермен шұғылдансын;
- 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн қалалардың рентабльдi емес, төлемдiк қабылетсiз кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, санациялау немесе жою мақсатында олардың тiзбесiн жасау жөнiнде;
- төлемдердiң бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, жалақыларды дер кезiнде төлеуге түсу болжамы жоспарының сөзсiз орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде;
- шағын және орта бизнес пен кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi жұмысты жандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде.
- денсаулық сақтаудың жағдайын жақсарту, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнiнде;
- мектептердi компьютерлеу жөнiнде: Семей қаласы бойынша бюджеттен тыс ақша қаражаттары есебiнен 3 орта мектептi толық компьютерлендiру;
Курчатов қаласы бойынша - бiр орта мектептi (4-тен компьютерлiк сыныпты);
- құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың заңды мүдделерi мен құқыларын қорғау жөнiнде.
4. Семей қаласының әкiмi 1998 жылы базистiк оқу жоспарын толық көлемi бойынша (358 сағат) қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
5. Семей қаласының әкiмiнен (Бутин В.С.) агроөнеркәсiп кешенiн қаржылық сауықтыру, оның жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, шаруа және фермерлiк шаруашылықтарға жаңа үлгiдегi жердi пайдалану құқысына актiлердi берудi аяқтау талап етiлсiн.
6. Курчатов қаласының әкiмi (Дмитропавленко В.Н.) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалауды 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн аяқтасын.
7. Мемлекеттiк мүлiктi және жекешелендiрудi басқару жөнiндегi облыстық аумақтық комитет (Егiзбаев Ж.Қ) 1998 жылғы бiрiншi тоқсанда Курчатов қаласының объектiлерiн сату жөнiнде көшпелi тендер өткiзсiн.
8. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы (Адамов Р.Ж.) ауыл шаруашылығы жерiне пайдалануға жарамдылығы үшiн алаңдардың радиациялық жағдайын зерттеу жөнiнде Бағдарлама әзiрлесiн.
9. Қозғалымсызды бағалау жөнiндегi облыстық орталық (Халабуда Л.П.) 1998 жылғы бiрiншi жартыжылдықтың iшiнде жеке тұлғалардан мүлiктiк салық сомасын дұрыс есептеу үшiн Семей және Курчатов қалалары азаматтарының мүлiктерiн бағалауды жүргiзсiн.
10. Осы шешiмнiң орындалу барысына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Бергеневке жүктелсiн.
Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
В.Метте
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.