1998 жылдың 1 қаңтарынан облыстың бюджеттік мекемелерін қаржыландыру құрылымын өзгерту жөнінде
1. Жергілікті бюджеттен қаржылаңдарылатын әлеуметтік саланың басқарылымын -көтеру мақсатында, қаржылық тасқындарга бақылауда күшейту мақсатында №1 қосымшаға сәйкес бұрын облыстық бюджеттен қаржыландырылып келген мекемелер қалалық және аудандық бюджеттердің ұстауларына берілсін.
2. №2 қосымшаға сәйкес бұрын төмен тұрған бюджеттерден қаржылардарылып келген мекемелер мен шаралар облыстық бюджеттің ұстауларына алынсын.
3. Облыстың государственный орган басшылары екі апталық мерзімде облыс әкімінің аппаратына облыстагы бюджеттік мекемелердің жұмыс режимдерін тәртіпке келтіру туралы ұсыныстар түсірсін, сәйкес аумақта халқының санына қарай бекітілген нормативтен тыс біртекті сала мекемелерінің қызметтері жойылсын, бұл ретте азаматтардың конституциялық құқықтарының орындалуы қамтамасыз етілсін.
4. Петропавл, Көкшетау қалалары мен аудан еәкімдері қарауларындағы мекемелердегі өндірістік емес шыгындарда кеміту жөніндегі жұмыстарда жалғастыра түссін.
5. Облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы /В. Д. Набитовский/ Петропавл, Көкшетау қалалары мен аудандар әкімдерімен, облыстық басқармалар мен департаментердің басшыларымен келісе отырып, барлық деңгейдегі басқару органдарының құрылымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
6. Облыстық қаржы басқармасы /Ф.Ф.Сутулов/ 1998 жылғы облыс бюджетінің көрсеткіштерін қалыптастыру үстінде бюджеттік мекемелер мен шаралар жүйесінің құрылымдарына жасалган өзгерістерді ескерсін.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.Ф.Чиркалинға жүктелсін.
Облыс әкімі
Д.Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.