Салауатты омір қалыптастыру проблемаларының облыстықорталығын құру туралы
Ел Президентінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркіндеуі, қауіпсіздігі және ел-әуқатының артуы. Қазақстан -2030» Жолдауындағы «Денсаулық, білім және азаматтардың әл-әуқаты» атты ұзақ мерзімді басымдылықтарды іске асыру мақсаттарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық министрілігінің Салауатты өмір қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы туралы» № 1678 Қаулысын орындау үшін облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Мемсанэпидқадағалау басқармасының санитарлық ағарту жұмыстары бөлімшесін қайта ұйымдастыру есебінен және денсаулық сақтау-мекемелерін оңтайландыру арқылы төмендегі штаттар санын бере отырып, дербес мемлекеттік мекеме ретінде Салауатты омір қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы құрылсын: денсаулық сақтау департаментінен – 7, месанэпидқадағалау басқармасынан – 3 бірлік.
2. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы С.Е. Ыбыраевқа, екі апталық мерзімде Орталықтың штаттық кестесі, шығыстар сметасы және негізгі қызметтер бағыттырының Ережесі әзірленсін.
3. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ф.Ф. Сутуловқа денсаулық сақтау мекемелерін ұстау үшін бөлінген ассигнацияны жаңа құрылатын Салауатты омір қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы үшін қайта бөлсін.
4. Петропавл қаласының әкімі П.Ф. Ходеевқа меммүлікті басқару және жекешендірудің аумақтық комитетімен бірлесе отырып, Салауатты омір қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығын орналастыру мәселесін шешсін.
5. Көкшетау қаласы мен аудан әкімдері жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау мекемелерінің базасында салауатты өмір қалыптастыру проблемаларының аймақтық орталығын құрсын.
6. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Д.Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.