"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 202 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5234 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 1 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы « 29» ақпандағы № 368 қаулысына

    1-қосымша

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2015 жылғы «22» қазандағы № 202 қаулысымен

    бекітілген

    «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

    1. Жалпы ережелер

    1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

    Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама беру.

    денсаулық сақтау ұйымдарында – психиатр-дәрігердің диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама беруі.

    Анықтама «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11304 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 2-қосымшасына сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, анықтаманы берген психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі (бұдан әрі – анықтама).

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

    2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі.

    6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

    2) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді, психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған тұлғалар дерекқорында тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны психиатр маманына жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

    3) психиатр-дәрігер сұхбат жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды (отыз минут ішінде);

    4) медициналық тіркеуші анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді (жиырма минуттан аспайды).

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

    3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:

    1) медициналық тіркеуші;

    2) психиатр-дәрігер;

    3) Мемлекеттік корпорация қызметкері.

    8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

    9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

    4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

    2) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және медициналық тіркеушіге жолдайды (он минуттан аспайды);

    3) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді, психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған тұлғалардың дерекқорында тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

    4) психиатр-дәрігер сұхбат жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды (отыз минут ішінде);

    5) медициналық тіркеуші анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді (жиырма минуттан аспайды).

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

    «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    1- қосымша

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

    1
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
    1
    2
    3
    2
    Құрылымдық бөлімшелердің атауы
    Медициналық тіркеуші
    Психиатр-дәрігер
    Медициналық тіркеуші
    3
    Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
    көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған тұлғалардың дерекқорында тексереді
    сұхбат жүргізеді
    анықтаманы мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады
    4
    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
    көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды
    анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді
    5
    Орындалу мерзімі
    20 минуттан аспайды
    30 минут ішінде
    20 минуттан аспайды

    «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    2- қосымша

    Мемлекеттік корпорация қызметкері
    Медициналық тіркеуші
    Психиатр-дәрігер
    Медициналық тіркеуші
    3
    Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
    құжаттарды қабылдайды
    көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған тұлғалардың дерекқорында тексереді
    сұхбат жүргізеді
    анықтаманы мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады
    4
    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
    құжаттарды медициналық тіркеушіге жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды
    анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді
    5
    Орындалу мерзімі
    10 минуттан аспайды
    20 минуттан аспайды
    30 минут ішінде
    20 минуттан аспайды

    «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    3- қосымша

    Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) расындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде

    «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    4- қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

    Шартты белгілемелер:

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы « 29» ақпандағы № 368 қаулысына

    2-қосымша

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2015 жылғы «22» қазандағы № 202 қаулысымен

    бекітілген

    «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

    1. Жалпы ережелер

    1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

    Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама беру;

    денсаулық сақтау ұйымдарында – дәрігер-наркологтың диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама беруі.

    Анықтама «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11304 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуды тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, анықтаманы берген нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі (бұдан әрі - анықтама).

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

    2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі.

    6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

    2) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді, наркологиялық есепте тұрған тұлғалар дерекқорында тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігер-наркологқа жолдайды (он минуттан аспайды);

    3) дәрігер-нарколог көрсетілетін қызметті алушыға клиникалық қарауды жүргізеді, биологиялық ортаны психикалық белсенді заттардың болуына тестілейді (көлік құралдарын басқаруға рұқсатнама алған кезде; суық және оқ ататын қаруды иеленуге және пайдалануға; психикалық белсенді заттар пайдалану күдігі болған кезде), көрсетілетін қызметті алушыға қойылған диагнозды көрсете отырып анықтама толтырады, қолымен, мөрімен растайды және көрсетілетін қызметті алушыны касса қызметкеріне жолдайды (жүз жиырма минуттан аспайды);

    4) касса қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды, төлем жөнінде түбіртек береді және көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды (он минуттан аспайды);

    5) медициналық тіркеуші анықтаманы мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он минуттан аспайды).

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

    3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:

    1) медициналық тіркеуші;

    2) дәрігер-нарколог;

    3) касса қызметкері;

    4) Мемлекеттік корпорация қызметкері.

    8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

    9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

    4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

    2) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды (он минуттан аспайды);

    3) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді, наркологиялық есепте тұрған тұлғалар дерекқорында тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігер-наркологқа жолдайды (он минуттан аспайды);

    4) дәрігер-нарколог көрсетілетін қызметті алушыға клиникалық қарауды жүргізеді, биологиялық ортаны психикалық белсенді заттардың болуына тестілейді (көлік құралдарын басқаруға рұқсатнама алған кезде; суық және оқ ататын қаруды иеленуге және пайдалануға; психикалық белсенді заттар пайдалану күдігі болған кезде), көрсетілетін қызметті алушыға қойылған диагнозды көрсете отырып анықтама толтырады, қолымен, мөрімен растайды және көрсетілетін қызметті алушыны касса қызметкеріне жолдайды (жүз жиырма минуттан аспайды);

    5) касса қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды, төлем жөнінде түбіртек береді және көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды (он минуттан аспайды);

    6) медициналық тіркеуші анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он минуттан аспайды).

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

    «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    1-қосымша

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

    1
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
    1
    2
    3
    4
    2
    Құрылымдық бөлімшелердің атауы
    Медициналық тіркеуші
    Дәрігер-нарколог
    Касса қызметкері
    Медициналық тіркеуші
    3
    Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
    көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және наркологиялық есепте тұрған тұлғалар дерекқорында тексереді
    көрсетілетін қызметті алушыға клиникалық қарауды жүргізеді, биологиялық ортаны психикалық белсенді заттардың болуына тестілейді (көлік құралдарын басқаруға рұқсатнама алған кезде; суық және оқ ататын қаруды иеленуге және пайдалануға; психикалық белсенді заттар пайдалану күдігі болған кезде), көрсетілетін қызметті алушыға қойылған диагнозды көрсете отырып анықтама толтырады және қолымен, мөрімен растайды
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды
    анықтаманы мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады
    4
    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
    көрсетілетін қызметті алушыны дәрігер-наркологқа жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыны касса қызметкеріне жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыға төлем жөнінде түбіртек береді және медициналық тіркеушіге жолдайды
    анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді
    5
    Орындалу мерзімі
    10 минуттан аспайды
    120 минуттан аспайды
    10 минуттан аспайды
    10 минуттан аспайды

    «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    2-қосымша

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

    1
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
    1
    2
    3
    4
    5
    2
    Құрылымдық бөлімшелердің атауы
    Мемлекеттік корпорация қызметкері
    Медициналық тіркеуші
    Дәрігер-нарколог
    Касса қызметкері
    Медициналық тіркеуші
    3
    Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
    көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және наркологиялық есепте тұрған тұлғалар дерекқорында тексереді
    көрсетілетін қызметті алушыға клиникалық қарауды жүргізеді, биологиялық ортаны психикалық белсенді заттардың болуына тестілейді (көлік құралдарын басқаруға рұқсатнама алған кезде; суық және оқ ататын қаруды иеленуге және пайдалануға; психикалық белсенді заттар пайдалану күдігі болған кезде), қойылған диагнозды көрсете отырып анықтама толтырады, қолымен, мөрімен растайды
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды
    анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады
    4
    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
    көрсетілетін қызметті алушыны дәрігер-наркологқа жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыны касса қызметкеріне жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыға төлем жөнінде түбіртек береді және медициналық тіркеушіге жолдайды
    анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді
    5
    Орындалу мерзімі
    10 минуттан аспайды
    10 минуттан аспайды
    120 минуттан аспайды
    10 минуттан аспайды
    10 минуттан аспайды

    «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    3-қосымша

    Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) расындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    Көрсетілетін қызметті алушыне оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде

    «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    4- қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

    Шартты белгілемелер:

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы « 29» ақпандағы № 368 қаулысына

    3-қосымша

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2015 жылғы «22» қазандағы № 202 қаулысымен

    бекітілген

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

    1. Жалпы ережелер

    1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

    1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 28 сәуірдегі №294 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 11356 болып тіркелген) бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;

    2) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме. (бұдан әрі – хаттамадан үзінді көшірме).

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

    2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы.

    6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті беруші әлеуетті қызметтер берушілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 11960 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтер берушілерді таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыру беру арқылы хабардар етеді, ол тиісті облыстың аумақтарында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында және әкімшінің интернет-ресурсында жарияланады (өтінімдерді қабылдау күніне бес жұмыс күні қалғанда);

    2) көрсетілетін қызметті алушы (ТМККК қызметтер беруші) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

    3) комиссия хатшысы құжаттарды өтінімдерді тіркеу кітабына тіркейді және комиссияның қарауына ұсынады (отыз минуттан аспайды);

    4) комиссия қатысуға өтінімдерді қарайды және тиісті жылға ТМККК көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қағидалардың 6-тармағымен қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) жөнінде шешім қабылдайды, әлеуетті қызметтер берушілерді анықтайды, хаттама ресімдейді және комиссияның хатшысына жолдайды (көрсетілетін қызметті беруші айқындаған ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде);

    көрсетілетін қызметті алушының өтінімге ұсынған құжаттарының растығын анықтау қажеттігі туындағанда комиссия өтінімді отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды;

    5) комиссия хатшысы хаттаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне хаттамадан үзінді көшірме береді (жиырма минуттан аспайды).

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

    3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:

    1) комиссия хатшысы;

    2) комиссия;

    3) Мемлекеттік корпорация қызметкері;

    4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері.

    8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

    9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

    4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

    10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

    1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:

    МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді анықтау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі - қатысуға арналған өтінім) стандарттың 3-қосымшасына сәйкес келесі құжаттарды қоса берумен:

    заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нұсқасы нотариаттық куәландырылмайды);

    тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);

    сенімгерлік басқару шартының (бар болған жағдайда);

    әлеуетті қызметтер берушінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;

    жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

    жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);

    денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;

    стандарттың 4-қосымшасына сәйкес бірінші басшының қолымен расталған және әлеуетті қызметтер берушінің мөрімен бекітілген дәрігер кадрлардың болуы туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда аталған мәліметтер ұсынылмайды);

    әлеуетті қызметтер берушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) комиссия отырыстарына қатысуға арналған өтінім беруге, қол қою құқығына сенімхат;

    ТМККК көрсетуге әлеуетті қызметтер беруші стандарттың 5-қосымшасына сәйкес қатысуға арналған өтінімге мынадай құжаттары қоса береді:

    заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысаны нотариаттық расталмайды);

    тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);

    сенімгерлік басқару шартының (бар болған жағдайда);

    көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен аумақта тиісті медициналық қызметтер көрсетуге құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;

    фармацевтикалық қызметке арналған лицензиялардың және оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелері;

    жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

    жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);

    денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);

    қатысуға арналған өтінімінде көрсетілген жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) технологиялары тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті орган берген қорытындының көшірмелерін;

    стандарттың 6-қосымшасына сәйкес шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін оны қызметтер беруші деп айқындаған күннен бастап қызметтер көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме;

    қолданылуының бүкіл кезеңіне шарт жасасу кезінде уәкілетті орган бекіткен тиісті медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге (ережелерге) оның сәйкестігі жөніндегі кепілхат (денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілдеме хат ұсынылмайды);

    ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;

    стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда, бұл мәліметтер ұсынылмайды);

    стандарттың 7-қосымшасына сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары, оның ішінде ЖММК технологияларының тізбесі, стандарттың 8-қосымшасына сәйкес бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін стандарттың 9-қосымшасына сәйкес медициналық техниканың, оның ішінде қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған, болуы туралы соңғы үш жылда және мәлімделген кезеңде (оларға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан аспаған жағдайда) көрсетілген мәліметтер;

    стандарттың 10-қосымшасына сәйкес қатысуға арналған өтінімде көрсетілген медициналық көмектің жоқ түрлеріне/кіші түрлеріне ниет білдіру шарты;

    Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бүкіл онкологиялық диспансерлер арасындағы онкологиялық науқастарға ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған алдын ала шарт;

    оның мүдделерін білдіретін адамға(-дарға) комиссия отырыстарына да қатысуға арналған өтінімді беруге, қол қою құқығына сенімхат;

    Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер беруші өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады;

    2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды);

    3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

    4) құжаттар қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары осы регламенттің 6-тармағының 2-5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің хатшысы хаттаманы тіркейді және хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір сағат ішінде);

    6) Мемлекеттік корпорация қызметкері хаттамадан үзінді көшірмені тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды).

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

    көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер

    берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін

    (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік

    көрсетілетін қызмет регламентіне

    1-қосымша

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

    1
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
    1
    2
    3
    2
    Құрылымдық бөлімшелердің атауы
    Комиссия хатшысы
    Комиссия
    Комиссия хатшысы
    3
    Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
    құжаттарды өтінімдерді тіркеу кітабына тіркейді
    қатысуға өтінімдерді қарайды және тиісті жылға ТМККК көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қағидалардың 6-тармағымен қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) жөнінде шешім қабылдайды, әлеуетті қызметтер берушілерді анықтайды және хаттама ресімдейді
    хаттаманы тіркейді
    4
    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
    құжаттарды комиссияның қарауына ұсынады
    хаттаманы комиссия хатшысына жолдайды
    хаттамадан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
    5
    Орындалу мерзімі
    30 минуттан аспайды
    көрсетілетін қызметті беруші айқындаған ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде;
    растығын анықтау қажеттігі туындағанда өтінімге ұсынған құжаттарды қарау – 30 күнтізбелік күн ішінде
    20 минуттан аспайды

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

    көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер

    берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін

    (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік

    көрсетілетін қызмет регламентіне

    2-қосымша

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

    1
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    2
    Құрылымдық бөлімшелердің атауы
    Мемлекеттік корпорация қызметкері
    Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері
    Комиссия хатшысы
    Комиссия
    Комиссия хатшысы
    Мемлекеттік корпорация
    қызметкері
    3
    Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
    құжаттарды тіркейді
    құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
    құжаттарды өтінімдерді тіркеу кітабына тіркейді
    қатысуға өтінімдерді қарайды және тиісті жылға ТМККК көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қағидалардың 6-тармағымен қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) жөнінде шешім қабылдайды, әлеуетті қызметтер берушілерді анықтайды және хаттама ресімдейді
    хаттаманы тіркейді
    хаттамадан үзінді көшірмені тіркейді
    4
    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
    (іс-қимыл) нәтижесі
    көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
    құжаттарды комиссияның қарауына ұсынады
    хаттаманы комиссия хатшысына жолдайды
    хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
    көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
    5
    Орындалу мерзімі
    20 минуттан аспайды
    1 жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді
    30 минуттан аспайды
    көрсетілетін қызметті беруші айқындаған ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде;
    растығын анықтау қажеттігі туындағанда өтінімге ұсынған құжаттарды қарау – 30 күнтізбелік күн ішінде
    1 сағат ішінде
    20 минуттан аспайды

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

    көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер

    берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін

    (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік

    көрсетілетін қызмет регламентіне

    3-қосымша

    Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

    көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер

    берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін

    (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік

    көрсетілетін қызмет регламентіне

    4-қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

    Шартты белгілемелер:

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.