Аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1. «Бір жолғы әлеуметтік көмек беру туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 20 мамырдағы № 28-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2239 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 маусымдағы аудандық «Шу өңірі» №51 газетінде жарияланған) шешімі;
2. «Шу ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының орындалу барысы туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №9-2 шешімі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы
Б.Саудабаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.