«Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы №1/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 сәуір 2015 ж.

    «Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы №1/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы №1/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2967 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 «Құрыш қала kz» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Владимир Анатольевич Костюшинге жүктелсін.

    Қала әкімі

    Н. Сұлтанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.