«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Тимирязев ауданы әкімдінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 тіркелген, аудандық «Көтерілген тың», «Нива» газеттерінде 2015 жылғы 14 ақпанда жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Л.А. Плотниковаға жүктелсін.
Аудан әкімі
Е. Базарханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.