Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 сәуір 2016 ж.

    Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. 2016 жылдың 06 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының қабылдануына орай Мәртөк ауданы әкімдігінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 7 «2016 жылға Мәртөк ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы» қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4737 болып тiркелген, 2016 жылдың 16 ақпанында аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде және 2016 жылдың 18 ақпанында «Әділет» АҚЖ-де ресми жарияланған);

    2) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 70 «Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4762 болып тiркелген, 2016 жылдың 17 наурызында аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде және 2016 жылдың 28 наурызында «Әділет» АҚЖ-де ресми жарияланған).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.

    3. Осы қаулы 2016 жылдың 19 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкiмi

    Н. Қалауов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.