Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 сәуір 2016 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 Заңының 27 бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 71 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3810 тіркелген);

    «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 68 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3811 тіркелген);

    «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 67 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3812 тіркелген);

    «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3813 тіркелген);

    «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3814 тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Н. Лазуринге жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Г. Акулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.