Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 76 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізімінде 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 3119 болып тіркелген, «Қарқаралы» газетінің 2015 жылды 01 мамырында № 35-36 (11366) санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Ильдебаевқа жүктелсін.
Қарқаралы ауданының әкімі
К.М. Максутов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.