«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 13 ақпанындағы № 25 шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 сәуір 2016 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 13 ақпанындағы №25 шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 25 ақпанында №3632 тіркелген, 2016 жылдың 04 наурызындағы №11 «Ауыл арайы», 2016 жылдың 04 наурызындағы №11 «Сельская новь» аудандық газеттерінде жарияланған «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 13 ақпанындағы №25 шешімі күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    И. Турков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.