«Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

    «3. Крахмалдық сірне өндіруге арналған жүгері.».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.