Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» ашық конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» ашық конкурсын өткізуге байланысты және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31 және 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» қалалық ашық конкурсының өткізу Қағидасы бекітілсін (қосымша 1).
2. «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» калалык ашык конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (қосымша 2).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. М. Қалдығұловаға жүктелсін.
Қала әкімі
А. Садықов
Қала әкімдігінің 2005 жылғы
«8» шілдедегі № 902
қаулысына 1 ҚОСЫМШАСЫ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» атты ашық конкурсының өткізу ҚАҒИДАСЫ
Ақтөбе қаласы әкімдігі және «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» атты ашық байқау жариялайды.
Байқау 2005 жылдың 8 мен 30 - ші шілде аралығында өтеді.
1. Байқаудың мақсаты және міндеті
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерекесіне орай қаламызды көріктендіру;
2) Қаламыздағы ең үздік безендіру дизайн - жобасын таңдау;
3) Фасад, ландшафт және төбелерді ерекше безендіретін жобаларды іздеу;
2. Байкаудың шарты
Байқауға сәулет өнері бірлестігі, дизайн - студиялары, көркемдік шеберханалар, безендірумен шүғылданатын барлық заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Безендіру жобасын жасау үшін томендеғі объектілер белгіленді:
1) Облыстық әкімшілік алаңы;
2) 11 мөлтек ауданындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасы мен кіре беріс алаңы.
Байқау қарастырады:
1) Мерекелік иллюминациялық жарықтармен безендіру;
2) Тақырыпқа сай стильдік құрастыру элементтері;
3) Халықтық шеру өткізетін орындар мен фасадтарды безендіру;
4) Жалаушалар мен қосымша элементтерді пайдалана отырып, ландшафтық безендіру;
5) Безендірілетін орынға сәйкес дизайн-жобасын құру;
6) Шығармашылық ой қабілеті арқылы ерекше әшекейлеу;
Дизайн-жобаларды іріктеуде ерекше мән берілетін басты критерийлері:
1) көркемдік жоғары дәрежесі;
2) эстетикалык айқындығы;
3) көркемдік тұтастығы, бүтін мәнділігі.
3. Байқауға ұсынылатын конкурстық жобалардың кұрылымына қойылатын талаптар
Байқауға ұсынылатын конкурстык жобалардың құрылымында:
1) Ситуациялық үлгі М 1 : 2000;
2) Бас жоспар М 1 : 500;
3) Пішімі М 1 : 500;
4) Нобай (эскиз), пішім әр түрлі мәліметтерде болуы мүмкін;
5) Безендіру жобасының басты идеясы мен қағидасын қысқаша түсіндірме ретінде екі данада тапсыру қажет;
6) Жобаның сметалық құжаты;
4. Жеңімпаздарды марапаттау
Дизайн - жобаның жеңімпаздары комиссияның шешімімен анықталып, жүлделі орындармен марапатталады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 1 - ші, 2 - ші, 3 – ші дәрежелі дипломдар және ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
Байқауға қатысуға тілек білдірушілер арыздарын конвертке салып «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ - не тапсыруы қажет.
Біздің мекен - жайымыз: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 56, 13 каб. Анықтама телефоны: 567159, 567301.
Қала әкімдігінің 2005 жылғы
«8» шілдедегі № 902
қаулысына 2 ҚОСЫМШАСЫ
Байқаудың жеңімпаздарын анықтайтын комиссия құрамы
Қалдығұлова Сәния Мұсақызы - Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрайымы
Комиссия мүшелері:
Егінбаев Болат Сәукеұлы - Ақтөбе облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс Департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)
Әжғалиев Әбубәкір Ғұсманұлы - «Актюбгражданпроект» ӨК төрағасы (келісім бойынша)
Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы - «Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы
Қорғанбаева Маржан Нағашбекқызы - «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы
Омаров Ерхан Болатжанұлы - «Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы
Войналович Сергей Анатольевич - «Ақтөбеқаласервис» КМК директоры
Кенбай Жәдігер - Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша суретшілер Одағының төрағасы (келісімі бойынша)
Орынбасаров Айбек - Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының бас суретшісі. (келісімі бойынша)
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.