Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 наурыз 2016 ж.

    Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Күші жойылды деп танылсын:

    1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 44/01 «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3364 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 18 тамыздағы № 116 (21867) «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 18 тамыздағы № 130 (22015) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған);

    2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 32/07 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 маусымдағы № 89-90 (21840-21841) «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 23 маусымдағы № 103 (21988) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Н. Әбдібеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.