Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 мамыр 2026 ж.

    Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Жамбыл облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31213 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    А. Нуралиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.