«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 8-тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 163 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
өзгеріс:
4-тармаққа «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес»
толықтырулар:
15-тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;
жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтырулар тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Жаров
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «08» маусымы
№ 175 қаулысымен
Бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «28» маусымдағы
№ 163 қаулысымен
бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік аграрлық саясат, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу және ветеринария салаларындағы қызметті жүзеге асыруға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі уәкілеттік берген аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу және ветеринария саласындағы заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары және айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімнің, егер агроөнеркәсіптік кешенді және ветеринарияны дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу және ветеринария саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен, Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.
9. «Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 4.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу және ветеринария саласындағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
Бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу және ветеринария саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
сотта талапкер және жауапкер болуға;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ұйымдармен және мекемелермен, агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария саласындағы мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу және ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алуға;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі және ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы бөлім құзыретінің мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдар өткізетін отырыстарға, жиналыстарға және кеңестерге (селекторларды қоса алғанда) қатысуға;
ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында ақпарат ұсынуға;
қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында кеңестер, сараптамалық және жұмыс топтарын құруға;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкіміне ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын енгізугеқұқығы бар.
2) міндеттері:
ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
заңды және негізделген шешімдер қабылдау және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Бөлімге жіберілген өтініштерді, арыздарды, шағымдарды, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын белгіленген тәртіппен қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беру;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы өзге міндеттерді іске асыру.
15. функциялар:
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
бағалау нәтижелерінің жиынтық ведомстволарының деректерін талдау және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;
елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаю қағидаларын әзірлеу және оларды бекіту үшін облыс мәслихатына енгізу;
топырақтың құнарлылығын арттыру, ауданның агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
агроқұрылымдар мен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес кредиттеудің Мемлекеттік бағдарламалары есебінен кредиттеуге жәрдемдесу;
ауыл шаруашылығындағы жергілікті және шетелдік жетістіктер тәжірибесін зерделеу және насихаттау;
ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысу;
ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, инвестициялық саясат және ауылдағы әлеуметтік сала бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметіне талдау жасау;
ауыл шаруашылығы өндірісін кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары мен мамандарының сапалық және сандық құрамына мониторинг жүргізу;
ауданның ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысу;
тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу бойынша жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету;
агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, гербицидтерді, минералдық тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға облыстық бюджеттен субсидиялаудың барлық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңына сәйкес мемлекеттік техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
ауыл шаруашылығы машиналарын мемлекеттік тіркеу бойынша есепке алу деректерін автоматтандырылған есепке алу жүйелеріне енгізу;
заңнамада көзделген жағдайларда машиналарды тіркеуден шығаруға шектеулерді тіркеуді жүргізу;
ауыл шаруашылығы техникасының жеке және заңды тұлғаларға тіркелгені туралы құзыретті органдар мен иеленушілердің сұрау салуларына жауаптар беру;
ауыл шаруашылығы техникасының болуына, қажеттілігіне, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын сатып алуға мониторинг және талдау жүргізу;
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне Жануарларды күтіп-ұстау қағидаларының жобасын, жануарларды күтіп-ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға аудан аумағында ветеринария саласындағы функцияларды орындау кезінде көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну;
үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;
жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бірінші басшысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және еңбек заңнамасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және еңбек заңнамасына сәйкес бөлімнің бірінші басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және еңбек заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
бөлім атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралардың орындалуына дербес жауапты болады;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және еңбек заңнамасына сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігіне жатады.
23. Егер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және тарату «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.